Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстандық дауыл

16 Мамыр, 2014

 Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы Хабаровскіде жолындағының бәрін жайпап барады. Бігін біздің бес боксшымыз финалға шықты.   

 Жомарт Ержан (49 кг) индонезиялық Вангулангу Корнелиусті – 2:1 есебімен, Әділет Құрметов (52 кг) ҚХДР-дан келген Хук Чунг Киманы – 2:1 есебімен жеңсе, Айдар Әмірзақов (64 кг) Оңтүстік Кореялық Бьюн Квук Окомды басып озды,   Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) тәжік боксшысы Хаум Азизовты ойсыра жеңді, ал  Дәурен Елеусінов (81 кг) – әзірбайжандық спортшы Рауф Рагимовты – 2:1 есебімен жеңіп шықты. Айта кету керек, Әмірзаов пен Әлімханұлы техникалық нокаутпен жеңіске жетті, Айдар – бірінші раундта, Жәнібек – үшіншіде.

Ержан Ордабаев (56 кг) әзірбайжандық Тұрал Ахмедовке қарсы шықса, ал Сағадат Рахманқұлов (69 кг) тағы да әзірбайжандық боксшы – Алматыда өткен әлем чемпионатының қатысушысы Парвиз Багировпен күш сынасады.  Антон Пинчук (91 кг дейін) украиындық Сергей Радченкомен қарсыласса, ал Нұржан Бекзатов (91 кг жоғары) –  ирандық Делавари Ясемаға қарсы шығады.
Наверх