Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Хабаровск мен Ташкентте халықаралық жарыстар басталды

13 Мамыр, 2014

 Бүгін Хабаровскіде Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске алуға орай бокстан дәстүрлі халықаралық жарыс басталды, оған еліміздің ұлттық құрамасының мүшелері қатысады.     

Жарыстың бірінші күні үш қазақстандық өнер көрсетті. Аса жеңіл салмақтағы (49 кг) Жомарт Ержан Қырғызстандық Заирбек Әлішевті жеңіп шыықты. Отандасының бастамасын қолдаған Дәурен Елеусінов (81 кг) Молдавалық мықты қарсыласы – Еуропаның қола жүлдегері Петр Чобанды басып озды.  Дархана Жұмсақбаев (60 кг) үшін Хабаровскідегі айқасы сәтсіз болды, ол Латвиялық әріптесінен жеңіліп қалды.  

Осы жарысқа Мырзағали Айтжановтың командасы барлық он салмақ категориясында шаршы алаңға шығатыны мәлім. Дебюттік айқастарды Әділет Құрметов (52 кг), Ержан Ордабаев (56 кг), Айдар Әмірзақов (64 кг), Сағадат Рахманқұлов (69 кг), Жанібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91 кг дейін) және Нұржан Бекзатов (+91 кг) қткізеді. 
Коротковтың халықаралық жарысына 17 мемлекеттен 71 қатысушы қатысты. Айта кетейік, қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ресейлік Андрей Замковой (ОИ және ӘЧ жүлдегері) жарыстың алдында шаршы алаң иелерінің еі басты қарсыластыра Қазақстан мен Кубаның құрамалары екенін айтқан болатын. Замковойдың өзі 69 кг-ға дейінгі салмақ категориясында жұдырықтасады. 
Сондай-ақ бүгін Ташкентте Сидней Джаксонды еске алуға бағытталған халықаралық жарыс басталды. Жарыстың алғашқы күні шаршы алаңға екі қазақстандық   Закир Сафиуллин (60 кг) мен Алмасбек Орынғалиев (69 кг) шығады. Олардың қарсыластары Қырғызстандық боксшылар Медер Мамакеев пен Эркин Болотбекұлы. Ташкент шаршы алаңында тағы да үш отандасымыз  – Сапарбай Айдаров (75 кг), Нұрдәулет Жарманов (81 кг), Иван Дычко (+ 91 кг) өнер көрсетеді.
Наверх