Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Павлодарда С.Қонақбаевтың жүлдесіне халықаралық жарыс өтеді

14 Мамыр, 2014

 Павлодар қаласының «Астана» мұз сарайында ССРО-ң еңбегі сіңген спорт шебері, Еуропаның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің екі дүркін иегері, 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевқа арналған ХХ Халықаралық жарыс өтеді.   

 Павлодар өңірінің Бокс федерациясы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қамқорлығымен мерейтойлық жарысқа, 13 мемлекеттен 130 спортшы қатысады.  Халықаралық бокс ассоциасының (AIBA) ережесі бойынша 10 салмақ категориясында (49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91, +91 кг) өтетін жарысқа18 жастан жоғары,  спорт шеберіне кандидат спорттық разряды бар спортшылар қатыса алады.  Жарыстың бас төрешісі – бокстан бірінші қазақстандық әлем чемпионы, AIBA халықаралық категориясының төрешісі  Валерий Рачков (Ресей).

Жрыстың құрметті қонақтар қатарында еңбегі сіңген спорт шебері, әлем чемпионы, Әлем кубогінің иегері, Еуропа чемпионы  Исраэль Акопкохян, Еуропа чемпионы, еңбегі сіңген спорт шебері Петр Галкин, с1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы Виктор Демьяненко, Санкт-Петербурга бокс  федерациясының президенті Максим Жуков, еңбегі сіңген спорт шебері, олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Александр Лебзяк, әлемнің жеті дүркін чемпионы,  ССРО-ның еңбегі сіңірген спорт шебері Орзубек Назаров, Украина Ұлттық бокс федерациясының президенті  Владимир Продивус, еңбегі сіңген спорт шебері, әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Игорь Ружников, ССРО чемпионы Степанов Владимир, Белорус бокс федерациясының төрағасы  Дмитрий Тихомолов.
Наверх