Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Өзін көрсету мүмкіндігі

11 Мамыр, 2014

 Мамыр айында бокстан ҚР-ң ұлттық құрамасы  шетелдің айтулы халықаралық жарысының бірқатарына қатыса алады. Командада отандық былғары қолғап шеберлерінің дәстүрлі жарысына құраманың  3 құрамының өкілдері қатысатын болады.

 Бүгін ең таңдаулы делегация  Кеңес Одағының батыры Константин Коротковтың құрметіне болатын Халықаралық жарысқа (13-18 мамыр) аттанып кетті. Бас жаттықтырушы  Мырзағали Айтжанов бастаған құрама Ресейде барлық салмақ категорияларында өнер көрсетеді:    49 кг – Жомарт Ержан (2013 жылғы ҚРЧ финалисті), 52 кг – Әділет Құрметов (2013 жылғы ҚРЧ жеңімпазы), 56 кг – Ержан Ордабаев (2013 жылғы ҚРЧ жеңімпазы), 60 кг – Дархан Жұмсақбаев (2013 жылғы ҚРЧ финалисті), 64 кг – Айдар Әмірзақов (2011 жылғы Азия чемпионы), 69 кг – Сағадат Рахманқұлов (2013 жылғы ҚРЧ жеңімпазы), 75 кг – Жәнібек Әлімханұлы (2013 әлем чемпионы), 81 кг – Дәурен Елеусінов (2013 жылғы ҚРЧ финалисті), 91 кг-ге дейін  – Антон Пинчук (2013 жылғы ҚРЧ жеңімпазы), 91 кг жоғары – Нұржан Бекзатов (2013 жылғы ҚРЧ финалисті).

Хабаровск шаршы алаңында біздің боксшыларымыз Ресей, Әзірбайжан, Армения, Венгрия, германие, Үндістан, ҚХДР, Латвия, Молдова, Польша, Белоруссия, Оңтүстік Корея, Тәжікстан, Таиланд, Өзбекстан, Филиппин және Франция өкілдерімен кездесетін болады.  
Осы мерзімде Ташкентте Сидней Джаксонның Мемориалында біздің бес отандасымыз қатысады: 60 кг – Закир Сафиуллин (2013 жылғы ҚРЧ жеңімпазы), 69 кг – Алмасбек Орынғалиев (2013 жылғы ҚРЧ финалисті), 75 кг – Сапарбай Айдаров (2013 жылғы ҚРЧ жеңімпазы), 81 кг – Нұрдәулет Жарманов (2013 жылғы ҚРЧ жеңімпазы), 91 кг-дан жоғары – Иван Дычко (соңғы ОО мен ӘЧ жүлдегерлері). Команда Өзбекстанның астанасында аға жаттықтырушы Нұрғали Сафиуллиннің бастамасымен өнер көрсетеді.
Ташкентте біздің боксшылардан басқа Өзбекстанна, Әзірбайжан, Ресей, иран, Түркия, Қырғызстан, Қытай және Түрікменстаннан келген барлығы 150-ден  жоғары боксшы қатысады.   
Мамырдың 15-і мен 19-ы аралығында құраманың тағы да бес мүшесі албанияның Шкодер қаласында «Влазнианы еске алу» халықаралық жарысына қатысады. 49 кг – Біржан Жақыпов (2013 жылғы әлем чемпионы), 52 кг – Ерлан Тамемов (2013 жылғы ҚРЧ қола жүлдегері), 56 кг – Жанболат Тілегенұлы (2013 жылғы ҚРЧ финалисті), 64 кг – Алмасбек Шымбергенов (2013 жылғы ҚРЧ финалисті), 91 кг-ға дейін – Алексей Севостьянов (2013 жылғы ҚРЧ қола жүлдегері). Албанияда командаға басшылық жасайтын құраманың аға жаттықтырушысы Александр Стрельников.
«Шағын әлем чемпионаты» деп қатысушылардың дәстүрлі күшті құрамы атайтын,  ChemistryCup айтулы жарысының бірі мамырдың 26-ы мен маумысның 1-і аралығында ө  Галледе (Германия) өтетін турне сапарына құрамадан қатысатындар белгіленді. Германияда өнер көрсетіндер қатарынан:   49 кг – Теміртас Жүсіпов (2013 жылғы ҚРЧ жеңімпазы), 52 кг – Ілияс Сүлейменов (2013 жылғы ҚРЧ жеңімпазы), 60 кг – Берік Әбдірахманов (2013 ӘЧ-ң қола жүлдегері), 64 кг – Алмасбек Әлібеков (2013 жылғы ҚРЧ жеңімпазы),  69 кг – Данияр Елеусінов (2013 әлем чемпионы), 75 кг – Рустам Сваев (2013 жылғы ҚРЧ финалисті), 81 кг – Әділбек Ниязымбетов (ОО мен ӘЧ финалисті).
Мамырда біздің елімізге де 20-дан астам елден  боксшылар келеді. Павлодарда мамырдың 13-і мен 17-і аралығында ССРО спортының еңбегі сіңген шебері, Еуропаның екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің екі дүркін иегері, 1980 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Серік Қонақбаевқа арналған ірі халықаралық жарыс өтеді. Оның ішінде жарыстың құрметті қонағы Валери Рачков – бокстан алғашқы қазақстандық боксшы. 
Наверх