Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Чемпиондармен кездесу

11 Мамыр, 2014

 Кеше «Хан Шатыр» астаналық сауда-ойынсауық орталығында қазақстанның спорт жұлдыздарымен қолтаңба беру сессиясы өтті. Мамыр мерекелері қарсаңында мұндай сыйлықтарды Астана тұрғындары мен қонақтарына Спорттық жекпе жектер мен күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы жасады.  

 Кездесуге 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, сонымен бірге бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Данияр Елеусінов қатысты. Қолтаңба беру-сессиясы аяқталғаннан кейін келушілер атақты боксшылармен естелік суреттерге түсу мүмкіндігіне ие болды.  

Дене шынықтыру мен спортты көпшілікке тарату, салауатты өмір салтын қалыптастыру - . Конфедерация төрағасы Тимур Құлыбаев негізін салған сегіз бағыттың бірі.  
 

Наверх