Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Чемпиондық имидж

05 Мамыр, 2014

 Астана қаласында Қазақстан бокс федерациясының брендтық киімдер мен кәдесыйлар бутигі ашылды.   

 Мұнда Қазақстан бокс федерациясының тапсырысымен дайындалған, кез келген талғампаз талғамына сәйкес спорттық киімдердің эксклюзивті топтамасы көрсетілген.  

Спорт және белсенді демалыс әуесқойлары жаттығулар мен қала сыртына саяхат жасағанда денеге әсіресе жайлы және  жағымды тұратын, заманауи, төзімді және ыңғайлы спорттық киімдер түрлерін таба алады. Бокстың фанаттары әлемдегі күшті мектептердің бірі – қазақстандық бокс мектебінің атрибуттары және кәдесыйларымен өз топтамаларын толтырады.
Бұл әзірге Қазақстан бокс федерациясының фирмалық өнімдерін сатып алатын жалғыз бутик, ол «Рахмет» сауда орталығында (Б.Момышұлы даңғылы, 10, тел.: 8 702 499 62 44, 8 771 164 79 60) орналасқан.
Наверх