Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар берілді

02 Мамыр, 2014

 Софияда өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Қазақстан бокс федерациясының президенті Т.А. Құлыбаев құттықтады. Федерация басшысының тапсырмасымен құраманың медаль алушылары мен жаттықтырушылар құрамасына ақшалай сыйлықтар табыс етілді.  

Өз сөзінде Т.А.Құлыбаев қазақстандық жас спортшылардың  жарқын жеңісі үздік жетістігіміз екенін, сондай-ақ Қазақстан халықтары бірлігі мерекесіне керемет сыйлық болғанын атап айтты.  
Осы жас аралығында қазақстандық бокс мектебінің өкілдері он екі жыл «алтын» алмаған екен. Болгарияда біздің спортшыларымыздың құрмет тұғырының ең  жоғарғы баспалдағына шығып, жеңіске жету құрметіне екі рет Қазақстанның Әнұраны орындалды.    Сонымен бірге, біздің былғары қолғап шеберлеріміз медальдық есепте командалық бірінші орынға ие болып, барлығын жолда қалдырды. Қазақстанның бокс тарихында мұндай табысқа жету болмаған еді.
Т.А. Құлыбаев ересектердің ұлттық құрамасына тамаша боксшылардың дайын тұрғанын ерекше атап өтті. Жастар мен жасөспірімдер айтулы әлемдік жарыстарда ерекше сеніммен өнер көрсетуде. Бүгінде үлкен спортқа жол ашқан жастардың бірі, Рио-де-Жанейрода олимпиадалық шаршы алаңға шығады, және жаттықтырушылар кеңесінің міндеті спортшылар ұрпағының сабақтастығын сақтап қалу екендігін федерация басшысы атап айтты.   
Спортшыларға, жаттықтырушылар құрамына және бокстан ҚР ұлттық құрама командасының мамандарына сыйлықақы беру туралы ережеге сәйкес ақшалай сыйақы жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаевқа, жаттықтырушы Әділ Басығаревқа, әлем чемпиондары Шалқар Айхынбай мен Абылайхан Жүсіповке, финалистер Сұлтан Зауырбек пен Вадим Казаковқа берілді.  
Наверх