Софиядан жеңіспен оралды!
26 Сәуір, 2014
Кеше кешке Софияда аяқталған әлем чемпионатынан еліміздің жастар арасындағы бокстан құрама команда мүшелері елге оралды. Осы жасаралық топтағы қазақстандық боксшылардың әлем біріншілігіндегі жеңісін жиырма жыл күттік – ең соңғы рет жастар арасындағы әлем біріншілігінің құрмет тұғырының жоғарғы баспалдағына Кубада 2002 жылы шыққан Қанат Ілиясов еді.
Дегенмен, ұлттық жастар құрамасының биылғы нәтижесі үйлесімді болжам берді: 5 медаль – 2 алтын, 2 күміс, 1 қола және командалық есепте бірінші орынды иеленді. Артта АҚШ, Ресей, Өзбекстан мен Украина командалары қалды. Әлем біріншілігіндегі мұндай нәтижеге отандық бокс тарихында ешкім қол жеткізбеген еді.
Жастар арасындағы құрлықтық чемпионаттарда қазақстандықтар сенімді көшбасшы атанса, ал әлемдік алаңның нәтижесі осы күнге дейін мардымсыз еді. 1994 жыл, Түркия – 5 қола медаль, командалық есепте 10-шы орын, 1996 жыл, Куба – 1 күміс, 1 қола, 5-ші орын. 1998 жыл, Аргентина – 1 алтын, 2 күміс, 3 қола, 4-ші орын. 2000 жыл, Венгрия – 1 алтын, 3 қола, 6-шы орын. 2002 жыл, Куба – 1 алтын, 2 күміс, 1 қола, 3-ші орын. 2004 жыл, Оңтүстік Корея – 3 қола, 12-шә орын. 2006 жыл, Марокко – 3 күміс, 1 қола, 7-ші орын, 2008 жыл, Мексика – 2 күміс, 9-шы орын. 2010 жылы Әзірбайжанда біздің командамыз медаль алмады.
Арменияда да жағдай өзгермеді. Онда тек қана бір «қоланы» місе тұтты. 2012 жылдың желтоқсанында қорытынды шығарған федерация басшысы Т.А.Құлыбаев жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстың көңілді көншітпейтін халін ерекше атап өтіп, Ереванда өткен әлем чемпионатында біздің ұлттық құрамамыз сенімді ақтамағанына ерекше көңіл аударды. Осыған орай, ол жағдайды талдапғ жас спортшыларды даярлаудағы қателіктерді айқындау мен тиісті қорытынды шығаруды талдауды бұйырды.
Қолданған шаралар жемісін бере бастады – өткен жылдың қыркүйегінде, Киевте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар екі алтын, бір күміс және бес қола жүлделерге ие болды, бұл олардың жарыс кестесінде үшінші жолға шығуына мүмкіндік берді.
Жасөспірімдердің табысынан кейін барлық назар жастар командасына бұрылған еді, бұл еліміздің басты құрамасының негізгі резерві еді. Аға жаттықтырушы болып Ғалымбек Кенжебаев тағайындалды, ол аса тәжірибелі тәлімгер. Команда алдындағы айқын міндеттерді анықтап, тығырықтан шығу жолын тапқан жаттықтырушының табысын, команданың Субик-Бей қаласындағы (Филиппины) Азия чемпионатында өнер көрсетіп, тқрт алтын мен бір күміс медальді жеңіп алып, командалық есепте бірінша орын алғанынан көруге болады. Сол кезде ол қазақстандық бокста техникалық шеберлік жағынан қиындық тудырмайтытын атап өтті. Оның айтуынша, әлем біріншіліктеріндегі сәтсіздіктердің себебі жабық, қорғаныс боксының басымдығы, біздің техникасы жоғары боксшыларымыз бастаманы әлемнің шаршы алаңында жоғалтып алады.
Сонымен бірге, Ғалымбек Қалиұлы қазақстандық боксшылардың жағдайды міндетті түрде өзгертетінін атап айтты. Оның сөзінің растығын, уақыт көрсетті. Ендігі жерде қазақстан боксы барлық жасқа бой ұрады.