Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

4 елдің бокстан құрама командаларының матчтық кездесуі

12 Ақпан, 2014

 Ақпанның 16-ы мен 19-ы аралығында «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 28) Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстан мен Қазақстанның бокстан құрама командаларының матчтық кездесулері өтеді.  

 Биылғы жылы көпшілік арасына танымал, бұл жарыстар төртінші рет өтпекші. Ұлыбританияның боксшылары аталған жарысқа алғаш рет қатысады. 4 жылдың ішінде Қазақстанға Әзірбайжанның, Үндістанның, Ресейдің, Украина мен Францияның командалары құрамалардың матчтық кездесулеріне келді.  

Бокс әуесқойлары матчты Қазақстан бокс құрамасының сайтынан тікелей онлайн түрінде көре алады (www.kfb.kz).

Қазіргі кезде Ұлыбритания, Ресей мен Қазақстан құрамаларының мүшелері астаналық Боксты дамыту орталығында бірлескен оқыту-жаттығу жиынын өтіп жатыр. Өзбекстан командасы Астанаға 15 ақпанда келеді.

Жарыс кестесі

15 ақпан

Мандат комиссиясы, өлшену.

16 ақпан

13:00 – пресс-конференция

14:00 – Ресей – Өзбекстан

17:00 – Ұлыбритания – Қазақстан

17 ақпан

14:00 – Ұлыбритания – Ресей

17:00 – Өзбекстан – Қазақстан

18 ақпан

Демалыс күні

19 ақпан

14:00 – Ұлыбритания – Өзбекстан

17:00 – Ресей – Қазақстан

Наверх