2017 жылғы Азияның вице-чемпионы және 2017 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Президент Кубогының чемпионы, биыл өтетін Әлем чемпионатында 69 келі дәрежесінде Қазақстанның намысын қорғайтын Абылайхан Жүсіпов чемпионатқа дайындығы туралы айтып берді.
- - Әлем чемпионатына дайындалу мақсатындағы оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңімізді аяқтап келдік. Тауда таспен жұмыс жасалынып, жалпы күш жинауға арналған жаттығуларға көп көңіл бөлінді. Жылына екі рет AIBA базасына барып, күшке арналған, жалпы физикалық дайындыққа арналған жаттығулар жасаймыз.
- - Енді қазіргі уақытта дайындығымыздың екінші кезеңі Елордада басталды. Осы дайындығымыз да ойдағыдай өтіп жатыр. Барлық жігіттер өз бабында. Көңіл күйлеріміз жақсы. Әлем чемпионатына балалардың алдыға қойған мақсаттары бар. Сол себепті жақсы нәтижемен қайтамыз деген ойдамын. Менің мақсатым - тек биік белестерді бағындырып, биіктерден көріну.
- - Қазіргі кезде барлық мемлекеттер бәсекелеске сай. Оларды бөліп жара айта алмаймын. Алайда, алдағы Әлем чемпионатында мен үшін басты қарсыластарым Өзбекістан, Ресей, Куба және де Англия елдерінің боксшылары.