Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Тұрсынбай Құлахмет: "Әлем чемпионатына толықтай дайынбыз"

06 Қыркүйек, 2019

 Бүгін ұлттық құрама командамыз Екатеринбург қаласында өтетін Әлем біріншілігінеұшып барады. Чемпионатта 75 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғайтын боксышымыз, Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет өткен дайындықтар мен жарыстан не күтетіні жайлы айтып берді.

 

-       - Әлем чемпионатына толықтай дайынбыз. Екі апталық оқу жаттығу жиындары AIBA Дүниежүзілік бокс академиясының базасында өткен болатын. Жиын барысында функционалдық, күш жинау жаттығулары жасалынды, тас көтердік, тауға шықтық. Жалпы физикалық дайындығымызды жақсартық. Бір апта демалыстан кейін Нұр-Сұлтан қаласында дайындығымыз ары қарай жалғасты. Елордада екі апталық оқу жаттығу жиындары барысында спаррингтер өткен. Жаттығуларымыз Швециядан арнайы дайындалуға келген боксшыларымен бірігіп жүргізілді. Швед боксшыларымен спаррингтерге шықтық. Аптасына үш рет жұптарда жұмыстар жасалынып, жекпе-жектерге көңіл бөлінді.

-    - Әлем біріншілігіне басқа мемлекеттердің көшбасшы боксшылары қатысады. Кубалық, Америкалық, Ресейлік боксшылар өз салмақ дәрежемде мен үшін мықты қарсылас бола алады. Оңай жекпе-жектер болмайды. Алайда, дайындығым жақсы. Ең бастысы, жаттықтырушыларымның айтқандарын орындауым керек. Мақсатым - қазақ елімнің артқан үмітін ақтап, кем дегенде медальмен қайту. Әрине, чемпион атансам деген арманым да бар. 

 

ФО  ФОТО: Данияр Майлыбаев

Наверх