Әйелдер құрама командасының бас бапкері Ерік Алғабекұлы алдағы уақытта өтетін Әлем Чемпионатына боксшыларымыздың дайындығы туралы айтып берді.
- Қазіргі уақытта әйелдер құрама командасында Әлем чемпионатына дайындалу мақсатында оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Дайындық процесі үш кезеңнен тұрады. Қазір өтіп жатқан - алғашқы кезеңі 15 тамызға дейін болады. Екінші кезең 24 тамыздан 7 қыркүйекке дейін AIBA Дүниежүзілік бокс академиясының спорт кешенінде өтеді. Оқу-жаттығу жиындарының үшінші қорытынды кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында 15 қыркүйек пен 29 қыркүйек аралығында өтетін болады.
- Оқу-жаттығу жиыны барысында жалпы физикалық дайындықтан басталып, кейін спарингтер қосылып, жұпта жұмыс жасау, арнайы тапсырмаларды орындау процесстері жүргізіледі.
- Әйелдер құрама командасы толығымен өз бабында. Ауыр жарақат алып қалған боксшылар жоқ, арасында ауырып қалған қыздар ғана.
- Әлем чемпионатына қатысатын құраманың тізімін қазір айта алмаймын, себебі әлі бір айдан артық уақыт бар. Командамыз 10 салмақ дәрежесі бойынша әр салмақта қатысады.
- Қарсыластарымызды интернет желісінен қарап, бақылап жатырмыз. Басты қарсыластарымыз – Индия, Қытай, Ресей елдерінің боксшылары.