«Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» Халықаралық турнирінің жеңімпазы, Әлем чемпионатында 52 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғайтын боксшымыз Сәкен Бибосынов алдағы чемпионатқа дайындығы туралы айтып берді.
- Әлем чемпионатына дайындығымыздың бірінші кезеңі Алматы облысының AIBA кешенінде өткен болатын. Оқу – жаттығу жиындары сәтті өтті де айтуға болады. Жаттығулар барысында көлем мен күш жинадық. Қазіргі уақытта оқу-жаттығу жиындарымыздың екінші кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатыр.
- Чемпионатқа қарқынды түрде дайындалып жүрміз. Себебі, қарсыластарымыз өте мықты. Өз салмақ дәрежемдегі басты қарсыластарым 2016 жылғы Рио Олимпиадасының жеңімпазы, өзбекістандық боксшы Шахобиддин Зоиров және 2017 жылғы Әлем чемпионы, кубалық боксшы Йосвани Вейтия. Сонымен қатар Ресей боксшысы Василий Егоров та бәсекелестік көрсете алады.
- Дегенмен, бар күшімді салып, Қазақстанымыздың туын көкке көтеріп, жоғары нәтижелерге ие болуға үміттенемін.