2018 жылғы Азия чемпионы, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Талғат Шайкен "ҚР Президентінің Кубогы" халықаралық турнирінде жеңіске не жетпегенін айтып, болашаққа жоспарларымен бөлісті.
«Кубок барысындағы көрсеткен өнерімді 80%-ға бағалаймын. Көңілімнен шықты деп, айтсам болады. Мықтылардың жарысы болды. Алайда, алдыма қойған мақсат толықтай жүзеге асырылғын жоқ. Осы жарыска 1 орын алам деген оймен қатыскан едім. Жеңіске жетуім үшін біраз тәжірибем жеткен жоқ деп ойлаймын. Жастар құрамасынан ересек құрамаға ауысқаныма жарты жыл болды. Финалдағы қарсыласым Абылайxан Жүсіпов те - өте мықты боксшы».
Болашаққа жоспарым - Олимпиада ойындарына лицензия алу және олимп шыңында 1 орынға көтерілу. Алдағы уақытта Әлем чемпионаты бар. Әрине, ең алдымен сол бірінішілкке қатысқым келеді. Әлем чемпионатына кім баратынын бас бапкер шешеді, - дейді Талғат.