Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Назым Қызайбай: Әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсету үшін барымды саламын

29 Шілде, 2019

Екі дүркін әлем чемпионы және Президент Кубогының жеңімпазы Назым Қызайбай өзінің жеңісі мен алдағы Әлем чемпионатына дайындығы туралы айтып берді.

- Мен үшін Президент Кубогы жақсы өтті. 1 орын алдым және бұл өте қуантады. Бұл жарыстар Әлем Чемпионатына дайындық кезеңі ретінде өтті.

- Бірінші болғаныма қарамастан, өз өнеріме толықтай қанағаттанбадым.  Барлығын талдай отырып, біз жаттықтырушылармен қандай жұмыс істеу керектігін, қандай қателіктерді түзету керектігін түсіндік.

- Алдағы басты старттар - бұл Әлем чемпионаты мен Олимпиадаға біліктілік турнирлері.  Алда оқу жаттығу жинынының үш кезеңі бар, менің ойымша, бұл Чемпионатқа жақсы дайындалу үшін жеткілікті уақыт. Ең бастысы, қазір денсаулықты сақтау және Әлем чемпионатына психологиялық тұрғыдан дайын болу. Жеңіске жету үшін мақсатты жұмыс жасаймын. Жақсы нәтиже көрсету үшін барымды саламын.

 

ФОТО: Данияр Майлыбаев

Наверх