Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Абылайхан Жүсіпов: Мақсатым - Әлем чемпионатында дәрежелі өнер көрсету

25 Шілде, 2019

Президент Кубогы Халықаралық турнирінің жеңімпазы Абылайхан Жүсіпов жарыстағы жеңісі мен болашақ жоспарларымен бөлісті.

- Кубокта барлығы төот жекпе-жек өткізіп, төртеуінде де жеңіске жеттім. Чемпиона болғаныма өте қуаныштымын. Жарыс барысындағы көрсеткен өнерімді бағалайтын болсам, толыққанды көңілімнен шықты деп айта алмаймын. Оны алдағы оқу-жаттығу жиыгдарында аға бапкерлеріммен қарастырып, кем-кетіктерді түзеуге тырысамыз.

- Алдағы жоспарым – Әлем чемпионаты. Чемпиоант алдында оқу-жаттығулар жиынына қатысып, дәрежелі өнер көрсету. Алдыға қойылған жоспарлар мен мақсаттар бар. Әлі де биік шыңдарды бағындыруым қажет. Сол себепті қазіргі көңілдің бәрі дайындықта. 

 

Фото: Данияр Майлыбаев

Наверх