Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

ЕРІК АЛҒАБЕКОВ ПРЕЗИДЕНТ КУБОГІНДЕ БАҚ СЫНАЙТЫН БОКСШЫЛАР ЕСІМІН АТАДЫ

04 Шілде, 2019

Әйелдер боксынан Қазақстан командасының бас бапкері Ерік Алғабеков Президент кубогіне қатысатын спортшылар есімін атап, бокстағы өзгерістерге қатысты пікірімен бөлісті деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Біз Президент кубогінде алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енген бес салмақ дәрежесіндегі боксшылардың әлеуетін бақылайтын боламыз. Бұл өзгеріс бізді қуантып отыр. Өйткені, салмақ дәрежелерінің артқаны көптеген спортшыларға жол ашып, Олимпиадаға қатыссам, медаль алсам деген арманының орындалуына септігін тигізеді. Қаңтар айында Қытайда лицензиялық турнир өтеді. Бұл дода өте маңызды. Сол сында бізге басты қарсылас атанатын Қытай, Үндістан, Өзбекстан, Филиппин, Тәжікстан құрамалары елордадағы Президент кубогіне қатысады. Елордадағы турнир қарсыластарды біраз зерттеуге де мүмкіндік береді», - дейді бас бапкер.

Президент кубогіне олимпиадалық салмақ дәрежелерінде қатысатын Қазақстан командасы: 

51 келі: Н. Қызайбай, Ж. Шекербекова, А. Лукас, Ж. Әбдірайымова;

57 келі: А. Ходжабекова, С. Сұлтанқызы, Д. Келімбет, В. Кухта;

60 келі: Р. Волосенко, К. Ибрагимова;

69 келі: Д. Шәкімова, М. Вольнова, Д. Ақбаева, М. Нұршаева;

75 келі: А. Бақытжан, А. Бегділда, Н. Рябец, Г. Садықова.

Қалған салмақтардағы спортшылар тізімі анықталу үстінде. 

 

Наверх