Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Ләззат Күнгейбаева: «Президенттің Кубогі жылда ең мықты қолғап шеберлерін жинайды»

05 Шілде, 2019

16 шілде басталатын «Қазақстан Президентінің Кубогі» Халықаралық турнирі жайлы ойларыммен  әйелдер арасында бокстан 2016 ж. әлем чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері және Қазақстанның сегіз дүркін чемпионы, бокстан еңбек сіңірген спорт шебері Ләззат Күнгейбаева өз ойларымен бөлісті.

Ләззат, «Президенттің Кубогі» жайлы айтып берсеңіз?

Жыл сайын Президенттің Кубогі жоғары деңгейде өтеді. Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан ең мықты қолғап шеберлері жиналады. Біздің жігіттер мен қыздарымыз жылда қатысып жақсы нәтижелер көрсетуде. Осы жылы Кубокка қатыспаймын. Салмағым 81 келі,  биылғы турнирде олимпиадалық 75 келі салмақтар қатысады. Әрине, өз басым да қатысқым келеді. Келесі жылдары менің салмағым қосылады деп үміттенемін. Дегенмен де, жанкүйер ретінде бірінші күннен бастап соңғы күнге дейін жарысты қараймын. Олимпиада ойындарында бокстан әйелдерге салмақ дәрежелерінің артуы – біздің қыздарымыз үшін үлкен мүмкіндік. Қосымша екі салмақтың қосылуы – қосымша медаль алуға болады деген сөз.

Салмақ дәрежесін ауыстыру жоспарыңызда бар ма?

Өзімнің салмағымды ауыстыруды бапкеріммен ақылдасып жүрміз. Алайда, сөз жүзінде оңай айтылғанымен, іс жүзінде олай емес. Себебі, уақыт өте аз. 75 келіге ауысуым үшін 10 келідей салмақ тастауым керек. Содан кейін қалыпты бокстаса алам ба деген ой мазалайды. Әлсіз болып қалмаймын ба деген сұрақтар туындайды. Сол себепті, бұл мәселені әлі де қарастырудамын.

Турнир барысында кімге жанкүйер боласыз?

Біздің Ұлттық құрама командамыз үшін жанкүйер боламын. Қыздардан да, ұлдардан да ешқайсысын бөле алмаймын. Біздің боксшыларымыз мен үшін бәрі бірдей жақын. Ең бастысы, Қазақстанның туы көтерілсе деген үміттемін.

Боксшыларымызға не тілейсіз?

Боксшыларымызға тілейтінім, намысты қолдан жібермесін. Тек қана алға деймін. Қазастан туын көтерулеріне тілектеспін.

Наверх