Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Ғалымбек Кенжебаев: "Бокстан Президент кубогіне Азия чемпионатындағы құрам мен Спартакиада жеңімпаздары қатысады"

03 Шілде, 2019

Бокстан 16-20 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін бокстан Президент кубогі додасы көптеген спортшылар үшін маңызды болмақ. Өйткені, әлем чемпионаты қарсаңында ұлттық құрама қатарына ілігетін боксшылар тап осы турнирде таңдалады. Команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, турнирде бақ сынайтын спортшылар есімін атады.

«Бокстан Президент кубогіне Азия чемпионатындағы құрам мен Спартакиада жеңімпаздары қатысады. Тек бұрынғыдай он салмақ емес, сегіз салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтаймыз. Сол себепті, аздаған өзгерістер жоқ емес. 49 келі әлем чемпионаты мен Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталды. Сондықтан, бұл салмақтағы боксшылар жарысқа қатыспайды. 60 келідегі Зәкір Сафиуллин 63 келіге өтті, сондай-ақ, 64 келідегі Санатәлі Толтаев та осы салмаққа ауысты. Ал 60 келідегі Саматәлі Толтаев турнирден сырт қалады. Одан бөлек, 81 келідегі Бек Нұрмағамбетті де Президент кубогінен көре алмаймыз. Жарақатына байланысты ота жасатқан ол әлі қалпына келген жоқ. 69 келіде Абылайхан Жүсіпов пен Асланбек Шымбергенов, 75 келіде Тұрсынбай Құлахмет, Әбілхан Аманқұл және Талғат Шайкен жұдырықтасады», - дейді бас бапкер. 

Бокстан Президент кубогіне қатысатын спортшылар тізімі:  52 келі - Әнуар Мұзапаров  57 келі - Қайрат Ерәлиев  63 келі - Зәкір Сафиуллин, Санатәлі Толтаев  69 келі - Асланбек Шымбергенов, Абылайхан Жүсіпов 75 келі - Тұрсынбай Құлахмет, Әбілхан Аманқұл, Талғат Шайкен, 81 келі - Нурбек Оралбай,  91 келі - Василий Левит, Айбек Оралбай +91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев  

Наверх