Нұр-Сұлтанда бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов туралы "Бекзат" фильмінің премьералық жабық көрсетілімі өтті. "Хабар" агенттігі түсірген фильмде біздің боксшымыздың олимпиада медаліне жету жолы туралы айтылады.
Картинаның тұсаукесеріне Бекзаттың ата-аналары қатысты, олар туралы фильмнің тарихы әңгімелейді. Шақырылған қонақтар арасында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Олимпиада чемпионы, мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істер комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Ұлттық Олимпиада комитетінің Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев, сондай-ақ спортшылар, журналистер болды.
"Бірінші кезекте Бекзаттың ата-аналарына алғысымды білдіргім келеді. Оның жеңістері - сіздің еңбегіңіз. Бекзат - Қазақстан боксының мақтанышы. Менің ойымша, Бекзаттың тарихы – көптеген жастар үшін шабыт болуы мүмкін. Бокспен айналысатындар үшін ғана емес. Екіншіден, барлық шығармашылық топқа осы жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі болғаны үшін алғыс айтамын", - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
"Бекзат" фильмі екі ай бойы түсірілді. Негізгі жұмыс спортшының отаны – Түркістан қаласында өтті. Таспа үш кезеңге бөлінген – балалық шақ, қалыптасу кезеңі және өмірдің соңғы қайғылы сәттері. Үлкен экранда, "Бекзат" фильмі қазан айында кең прокатқа шығады. Сондай-ақ сериял шығады. Бұған дейін жабық көрсетілімдер бүкіл ел бойынша өтеді.