Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Серік Сәпиев: «ҚР Президентінің Кубогы - өте беделді турнир»

01 Шілде, 2019

Олимпиада чемпионы, Вэла Баркер кубогының иегері, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, Қазақстанның бокс федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі Серік Сәпиев жуырда өтетін «Қазастан Республикасы Президентінің Кубогі» Халықаралық турнирі жайлы пікірімен бөлісті

«Президенттің Кубогы» жайлы айтып кетсеңіз

«Президенттің Кубогы» - өте беделді турнир. Жыл сайын әлемнің түрлі елдерінен көптеген қатысушылар келеді. Турнир қатысушыларының сапасы өте жоғары. Турнир көрермендер мен жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырады. Биылғы жылы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі ретінде қонақ ретінде қатысуды жоспарлаймын. Мен шайқастарды мұқият қараймын. "Президент Кубогы" мен үшін өте қызықты турнир.

Біздің еліміздің басты қарсыластары кімдер?

Біздің ел бокста көшбасшылар қатарында, Азия өңірінде де, әлемде де. Жалпы біздің бокс жоғары деңгейде. Біздің спортшылар барлық медальдарды тұрақты жеңіп алуда. Ресейден, Еуропалық елдерден, Өзбекстаннан, Украинадан келген боксшылар бәсекелі болып саналады. Мықты боксшылар қатарында ағылшындар, ирландтық боксшылар да жақсы нәтиже көрсетуде. Әуесқой бокста біздің тұрақты бәсекелестеріміз - АҚШ пен Кубадан келген боксшылар.

Кімге жанкүйер боласыз? Оларға тілейтініңіз

Қазір ұлттық құраманың бапкерлер құрамы барлық қатысушылардың санын анықтайды. Жарысқа кімнің қатысатынына қарамастан, мен құраманың барлық спортшыларына жанкүйер боламын.

Біздің жігіттерге "Президент кубогына" оңтайлы түрде және жарақатсыз дайындалуды тілеймін. Ең жақсы қасиеттерін көрсетулеріне тілектеспін. 

Наверх