Халықаралық Олимпиада комитетінің шешіміне сәйкес, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына Азия елдері үшін біліктілік турнирі қаңтар айында Қытайда өтетін болады.Әлемдік турнир Мамыр айының басында Жапонияда өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандық боксшылар қатысатын Азиялық біліктілік турниріне ерлер арасында 41 лицензия және әйелдер арасында 22 лицензия ойнатылады. Ерлер арасында олар былайша бөлінеді: 52 кг-ға дейін, 57 кг-ға дейін және 63 кг-ға дейін салмақ санаттарында алты квота, 69 кг-ға дейін, 75 кг-ға дейін және 81 кг-ға дейін салмақ санаттарында бес квота. Әйелдер арасында континенттік турнирде лицензиялар келесідей бөлінетін болады: 51 кг дейінгі салмақ санатында алты квота және қалған салмақ санатында төрт квота (57 кг дейін, 60 кг дейін, 69 кг дейін, 75 кг дейін).
Әлемдік іріктеу турниріне континенталдық жарыстарда лицензия ала алмаған боксшылар қатысады. Оларға ерлер арасында Токиода өтетін Олимпиадаға 31-35 квота және әйелдер арасында 19-21 квота бөлінеді.
Токиодағы Олимпиада ойындарында бокстан жарыс 2020 жылғы 25 шілде-9 тамыз аралығында өтеді.