Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Ерік Алғабекұлы: «МОК-тың енгізген өзгерістері әлемдік деңгейде әйелдер боксының дамуына үлкен ықпалын тигізеді»

20 Маусым, 2019

Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу турнирлері өтетін мерзімді атады.

Сондай-ақ, ерлер арасындағы олимпиадалық салмақ қысқарып, әйелдер боксындағы салмақ дәрежелері екіге көбейді. Осы орайда, ҚР әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Ерік Алғабекұлы аталған өзгерістерге қатысты пікір білдірді.
 
- Бұл өзгерістер әлемдік деңгейде әйелдер боксының дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Соңғы жылдары Қазақстанда жыл сайын боксқа қатысатын қыздар саны артып келеді. Соңғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында 270 спортшы қатысқан болатын. Бұл көрсеткіштер қуантады, себебі бұл бәсекелестіктің артуы, бізге жаттықтушыларға спортшылардың арасынан таңдаудың көбеюі деген сөз.
 
- Біздің жоспарымыз алдағы өтетін лицензиялық жарыстарда көбірек лицензия алу. Біздің мемлекетіміз әлемдік деңгейде алдыңғы қатарлы орындарды алып отырғандықтан, алдымызда үлкен мақсаттар қойылып отыр.
 
- Лицензиялық іріктеулерге дайындық қазірден басталып жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қыздарымыз Түркия еліндегі оқу-жаттығу жиындарында. Жақын арада ҚР Президентінің Кубогі өткізіледі. Содан кейін Әлем чемпионаты. Сол жарыстардың алдында қосымша оқу жаттығу жиынын өткіземіз. Сонымен қатар Әлем чемпионатынан кейін тағы да жарыстар бар, басқа мемлекеттермен бірігіп өткізілетін оқу жаттығу жиындарымыз бар.
 
- 2020 жылғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелер көрсетуге тырысамыз. 
Наверх