Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Ғалымбек Кенжебаев: «Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімдері медальдық сынақтарға әсер етеді»

20 Маусым, 2019

Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу турнирлері өтетін мерзімді атады. 

Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер арасында жаңа салмақ санаттары анықталды. Осы орайда, бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев соңғы өзгерістерге байланысты пікірімен бөлісті.
 
- Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі біз үшін болжамды еді. Бұл туралы әңгімелер бұрыннан қозғалатын. Салмақ санаттары шамамен белгілі еді. Енді сол себепті, Президент Кубогын осы салмақ дәрежелерінде өткіземіз, сондай-ақ осы 8 салмақ дәрежесі бойынша Әлем чемпионатына қатысамыз.
 
- Лицензиялық іріктеулерге дайындықтарымыз толық жүріп жатыр. Қазір команда Түркияда. Бір жағынан, бұл сауықтыру жиыны, екінші жағынан біз балаларды кондицияға шығарып, дене шынықтыру, функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған жаттығуларды жалғастырамыз. Біздің боксшыларды сауықтыру қажет, өйткені қаңтар айынан бастап олар Азия чемпионаты, бірқатар халықаралық турнирлер, ҚР спартакиадасы сияқты барлық турнирлерге қатысты.  Осы жиындардан кейін бізде Әлем чемпионатына дайындық кезеңі басталады, ең алғашқысы - Олимпиададағы салмақ дәрежелерінде өтетін ҚР Президентінің Кубогы. Турнир барысында 57 және 63 кг жаңа салмақтағы боксшыларымызды бақылайтын боламыз.
 
- Біз лицензияларды мүмкіндігінше көбірек алуды жоспарлап отырмыз. Спортшылардың алдында барлық салмақ дәрежелерінде лицензия алу міндетін қоятын боламыз. Дайындықтың егжей-тегжейлі жоспарын лицензиялық турнирлерді өткізу мерзімдері мен өткізілетін жерлері түпкілікті шешілгеніне сәйкес түзететін боламыз.
 
- Салмақ санатының қысқаруы, ең алдымен, балаларға әсер етті. Жеңіл салмақ дәрежесі 49 келі, 60 келі салмақ дәрежесі бойынша бізде Олимпиада ойындарына түсіп, медаль жеңіп алуды армандаған жақсы боксшылар бар. Бұл қысқартулар кейбір спортшыларға соққы берді, себебі Олимпиада ойындарына қатысу - бұл олардың бүкіл өмірінің арманы, әуесқой боксшының мансабы болды. Бұл - арманды қысқарту шешімдері деп айтуға болады. Ерлер спорт түріндегі мұндай гендерлік саясат нағыз ер адамдарға соққы берді.
 
- Сондай-ақ қысқартулар медальдық сынақтарға әсер етеді. Бұрын боксшылар әрдайым медаль алып келетін. Команда Олимпиада ойындарына барған кезде, кез келген спортшы медальді жеңіп алу мүмкіндігіне ие болатын. Екі салмақ дәрежесіндегі қысқартылу - Олимпиада жүлделеріне үміткер болатын екі боксышаға кем болуы.
Наверх