12 қараша күні басталған Ақтаудағы Қазақстан Республикасының 2018 жылғы чемпионаты бүгін аяқталды.
Командалық есепте Түркістан облысы 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальмен бірінші орында тұрса, Маңғыстау облысы 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен екінші орынға тұрақтады. Ал үшінші орын Жамбыл облысының еншісіне бұйырды. Әулие ата өңірінің боксшылары 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді.
Биылғы чемпионатқа барлық спортшылар жоғары дайындықпен келген. Ұлттық құрама сапындағы боксшыларымыз өз деңгейлерін толық дәлелдеді десе болады. Ерекше атап өтетін жайт, турнирге қатысқан жас боксшылар өте ұтымды өнер көрсетті. Мысалы, ақмолалық 20 жасар Оразбек Асылқұл мен 21 жастағы түркістандық Сәкен Бибосынов көпшілікті тәнті етті.
Асылқұлов тұңғыш рет финалға шығып отыр. Осыған дейін ол ширек финал кезеңінен әрі аса алмай жүрген еді. Ақтық кездесуде Әлем чемпионымыз Қайрат Ералиевтен айласын асыра алмағанымен, біріншілік қорытындысы бойынша ұлттық құрамаға алынды. Ал Қайрат болса осымен үшінші мәрте ел біріншілігінің алтын жүлдесін қанжығасына байлады.
52 келіде өнер көрсететін Сәкен Бибосынов финалда жеңілгенімен, осы салмақта чемпион болған Алматы облысының өкілі Әнуар Мұзапаровқа тегеурінді қарсылық көрсете алды. Тиісінше, еңбегі еш кетпей ұлттық құрама сапына ілігіп отыр.
49 келіде Теміртас Жүсіпов осымен 5 мәрте Қазақстан чемпионы атанды. 30 жасар спорт шебері финалда тағы бір мықты спортшымыз, жамбылдық Ермек Мәдиевті 5:0 есебімен ұтты.
60 келіде шымкенттік Закир Сафиуллин ақтық бәсекеде маңғыстаулық Саматәлі Төлтаевты жеңді.
64 келідегі финалдық кездесу де өте тартысты өтті. 19 жастағы Ақтау өкілі Санатәлі Төлтаев жастар арасында Азия чемпионы 23 жасар Бекдәулет Ибрагимовтан басым түсті. Соңғысының ауыр жарақат алуына байланысты кездесу ортан белінен үзіліп, жеңіс Санатәліге бұйырды. Осылайша ағайынды Төлтаевтардың бірі алтын, екіншісі күміс алды.
Осы чемпионаттағы ең әдемі әрі тартысты кездесулердің бірі 69 келі салмақта өтті. Жамбылдық Асыланбек Шымбергенов пен қарағандылық Абылайхан Жүсіпов арасындағы кездесуде жеңіс кеншілер астанасының өкіліне бұйырды. Техникалық тұрғыдан өте жинақы әрі ұтымды өнер көрсеткен Абылайхан өзінің мықты екенін дәлелдеді. Тіпті, бірінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Сонымен, 2018 жылғы бокстан ерлер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының қорытындысы төмендегідей.
49 кг
Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) – Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы) 5:0
52 кг
Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы) – Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) 5:0
56 кг
Қайрат Ерәлиев (Түркістан облысы) – Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы) 5:0
60 кг
Закир Сафиуллин (Шымкент) – Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) 5:0
64кг
Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы) – RSC R2 Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)
69 кг
Асыланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) – Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы) 0:5
75 кг
Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы) – Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы) 5:0
81 кг
Бек Нұрмағанбет (Түркістан облысы) WO – Михаил Коханчик (Қостанай облысы)
91 кг
Василий Левит (Астана) – Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы) 5:0
+91
Қамшыбек Құнқабаев (Қызылорда облысы) – Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) 5:0
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің толық тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
I Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы)
II Ермек Мадиев (Жамбыл облысы)
III Жомарт Ержан (Түркістан облысы), Жандос Несіпжан (Алматы облысы)
52 кг
I Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы)
II Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы)
III Азат Махметов (Астана), Абай Куандыков (Ақтөбе облысы)
56 кг
I Қайрат Ерәлиев (Түркістан облысы)
II Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)
III Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы), Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы)
60 кг
II Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)
III Серік Теміржанов (Павлодар облысы), Бағдат Уайдаев (Қызылорда облысы)
64 кг
I Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау)
II Бекдаулет Ибрагимов (Түркістан облысы)
III Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы), Мирасәлі Сәрсенов (Жамбыл облысы)
69 кг
I Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы)
II Асыланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы)
III Мәулен Өскенбек (Маңғыстау облысы), Қанағат Маралов (Астана)
75 кг
I Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы)
II Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы