Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Ибрагимов пен Төлтаев ел біріншілігінің ширек финалына жолдама алды

15 Қараша, 2018

 Ақтауда өтіп жатқан ерлер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатында 64 келі салмақтағы іріктеу кезеңі аяқталды.1/4 кезеңіне Азия біріншілігінің қола жүлдегері Бекдәулет Ибрагимов пен жастар арасында 2017 жылғы Азия чемпионы 18 жасар Санатәлі Төлтаев шықты.

Келесі жолы Бекдәулет Ибрагимов алматылық Ділмұрат Межитовпен жолығады.

Осы салмақ дәрежесіндегі кездесулер кестесі төмендегідей.

Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы) – Ділмұрат Межитов (Алматы)

Алмазбек Әлібеков (Шымкент) – Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы)

Николай Шваб (Қостанай облысы) – Мирасәлі Сәрсенов (Жамбыл облысы)

Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) – Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)

Наверх