Ақмола облысының 20 жасар боксшысы Оразбек Асылқұлов күтпеген жерден Азия ойындарының жеңімпазы Ілияс Сүлейменовты жарыс жолынан тайдырды. Есеп 3:2.
Ол бұрын Санкт-Петербург пен Белоруссия еліндегі халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен.
- Мен өте қуаныштымын. Кездесуге мұқият дайындалдым. Бапкерлеріме рақмет. Психологиялық дайындығым да жақсы болды. Бұрын Ілияспен кездеспегенмін. Өздеріңіз білесіздер мен жақында ғана 52 келіден ауысып келдім", - дейді Оразбек Асылқұлов.
56 келідегі ширек финал ойындары 16 қараша күні өтеді.
Қайрат Ерәлиев (Түркістан облысы) – Нұрсұлтан Исахан (Астана)
Жандос Шерәлі (Алматы) – Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы)
Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы) – Айбек Досанов (Алматы облысы)
Сағындық Молдашев (БҚО) – Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)