Жеребе қорытындысына сәйкес, біздің арулар алғашқы кездесулерін 15 қарашада бастайды
10 мәрте жалауын көтеріп отырған нәзік жандар арасындағы бокстан Әлем біріншілігі Нью-Дели шаһарында орналасқан Индира Ганди атындағы спорт кешенінде 15-24 қараша аралығында өтеді. Биылғы чемпионатқа 62 мемлекеттен 270 спортшы қатысады. Оның ішінде Қазақстан құрамасы да бар.
Еліміздің намысын қорғайтын қыздарды тағы бір естеріңізге сала кетейік.
Әйгерім Қасенаева (48 келі),
Жайна Шекербекова (51 келі),
Дина Жоламан (54 келі),
Назым Ищанова (57 келі),
Карина Ибрагимова (60 келі),
Милана Сафронова (64 келі),
Ақерке Бақытжан (69 келі),
Аида Оңдаш (75 келі),
Фариза Шолтай (81 келі)
Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары).
15 қараша күнгі кездесулер кестесі (Астана уақытымен):
Күндізгі сессияның басталу уақыты - 13:30.
51 келі: Жайна Шекербекова - Светлана Солуянова (Ресей)
Кешкі сессияның басталу уақыты - 18:30.
57 келі: Назым Ищанова - Онита Ислам (Бангладеш)
Жеребе нәтижесі:
Фото: Сергей ШТРАК