Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстан біріншілігінде боксшылар допинг бақылауынан өтеді

15 Қараша, 2018

 Бұл туралы ҚБФ кешенді ғылыми тобының үйлестірушісі Ғалия Біләлова мәлім етті.

 Осы жұмысты тыңғылықты атқару үшін допингке қарсы ұлттық орталық қызметкерлері Ақтауға ат басын тіреді. Олар спортшылар арасында ішінара тексеріс жүргізбек. Допинг мәселесі жан-жақты талқыланған семинарға барлық облыстардың аға жаттықтырушылары қатысты. Оларға Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің 2019 жылдан бастап тиым салған препараттар тізімі туралы баяндалды. Сонымен қатар, бапкерлер мен спортшыларға допингтік тексеру кезінде қандай жайттарға назар аудару керектігі айтылды. Мұндай семинарлар облыс өкілдері үшін жыл сайын ел біріншілігі кезінде өткізіліп тұрады. Ал ұлттық құрама мүшелері әр оқу-жаттығу кезінде осы тақырыпты талқылайды.

"Қазақстанның бокс федерациясы допингке мүлде төзбеушілік саясатын ұстана отырып, облыстар мен аудандардағы бапкерлер арасында да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Кез-келген спортшы допинг офицерлерінің табан астынан болатын тексеруіне дайын болуы тиіс. Оны еліміздің намысын қорғап жүрген біздің спортшылар жақсы түсінеді", - дейді Ғалия Біләлова.

Наверх