Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері ел біріншілігіндегі тұңғыш кездесуін Алматы облысының өкілі Салауат Төлеубаевпен өткізіп 5:0 есебімен басым түсті.
Тіс қаққан білікті боксшымыз өз қарсыласына қатысты назын айтып қалды.
- Бірнеше рет басымен соққы жасады. Ашуыма тиіп кетті. Болмайды ғой олай. Өзі арақашықтық сақтауы керек еді. Мен бар өнерімді салдым.
Енді ол ширек финалда қостанайлық Артём Пчеляковпен жұдырықтасады. Ол өз кезегінде жерлесі Темірлан Қабиевтен айласын асырған болатын.