Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Әбілхан Аманқұл 1/4 финалында

14 Қараша, 2018

 Ақтаудағы Қазақстан чемпионатында көпшілік асыға күткен кездесу өтті. 

Әбілхан Аманқұл өз салмағындағы мықтылар қатарына кіретін Рустам Сваевпен былғары қолғап түйістірді. Алайда, Тараз тарланы еш қиындықсыз жеңіске жетті. Тіпті, төреші екі рет нокдаун есептеді.

- Көптен бері дайындық жасамағаны байқалады. Бұрын мықты боксшы болатын, - дейді Әбілхан Аманқұл.  

Енді ол 16 қараша күні қостанайлық Сергей Карбивничныймен кездеседі.

Тәжірибелі боксшылардың бірі Абай Төлеш тағы бір Жамбыл облысының өкілі Аман Қазанғаповқа ұтылды. Соңғысы жастар арасында әлем чемпионы және Азия жеңімпазы.

Наверх