Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Маңғыстаулық студенттер 8 медальға қол жеткізді

01 Қазан, 2018

 Атырауда Каспий теңізі жағалауында орналасқан елдердің студенттері арасындағы VI халықаралық ойындар өз мәресіне жетті

Турнир нәтижесі бойынша маңғыстаулық боксшылар 3 қола, 3 күміс және екі алтын медальға қол жеткізді. 64 келі салмақта Сұңғат Орынбасаров пен Дилшат Нұрым, 69 келіде Саясат Есібаев үшінші орын алды. 52 келіде Самат Жетібаев, ал 60 келі салмақта Жолдас Жеңісов , 69 келіде Сұлтан Шаршов екінші орынды қанағат тұтты. Алтыннан алқа тағынғандар ішінде 56 келідегі Төлеген Асанов пен 91 келіде Айболды Дәуренұлы бар. Каспий теңізі жағалауында орналасқан мемлекеттердің студенттері арасындағы VI халықаралық ойындар Атырау қаласында 24 мен 30 қыркүйек аралығында өткен болатын. Маңғыстаудың намысын Шахмардан Есенов атындағы университеттің 8 студенті қорғап, барлығы да жүлдемен оралып отыр.

Дереккөз: http://lada.kz/

Фото: Маңғыстау бокс федерациясы

Наверх