Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бүгін WSB финалы: «Astana Arlans» - «Cuba Domadores»

26 Қыркүйек, 2018

 «Астана Арланс» пен «Куба Домадорес» командалары 26 мен 28 қыркүйек аралығында мықтыны анықтайды. Қос құрама боксшылары осыған дейін үш рет кездесіп, екі мәрте қазақ командасы басым түссе (2015 жылы және 2017 жылы), бір рет кубалықтардың мерейі үстем болған.

Мамыр айында өткен жартылай финалда «Астана Арланс» ұлыбританиялық «Бритиш Лайнхартстты» ұтса, «Куба Домадорес» француздың «Франс Файтинг Рустерсты» жеңген болатын.

WSB (The World Series Boxing) халықаралық бокс қауымдастығының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін байрақты бәсекенің финалдық кездесуі Қытай Халық Республикасының оңтүстік шығысында орналасқан Сямынь қаласы мен Цзиньцзянь өңірінде өтеді.

Финалдық кездесулерді «ХАБАР» арнасы Астана уақытымен 17:00 тікелей эфирде көрсетеді.

Бүгін шаршы алаңға шығатын боксшылар:

49 келі – Теміртас Жүсіпов vs Демиан Арсе Дуарте

56 келі – Ілияс Сүлейменов vs Освел Кабальеро

64 келі – Ділмұрат Мижитов vs Энди Круз

75 келі – Әбілхан Аманқұл vs Ослейс Иглесиас

91 келі – Нұрбол Алтаев vs Эрисланди Савон

Наверх