Байрақты бәсекенің финалы 22 қыркүйекке жоспарланған
Жарысқа еліміздің 7 облысымен бірге Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларынан келген 60 боксшы қатысып жатыр. Турнирдің ашылу салтанатына өңір басшысы Алтай Көлгінов, бокстан ҚР Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық мамандандырылған олимпиадалық мектеп-интернатының директоры Мәлік Сапашев, еңбек сіңірген жаттықтырушы Марат Елеусінов пен Рио-де-жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусіновтың өзі қатысты.
— Бұл турнирдің басқа жерде емес нақ осы Оралда өтуі маңызды. Себебі, біздің шаһар халқының спортқа деген ынта-ықыласы ерекше. Қазіргі күні бокс жастар арасында жоғары қызығушылық тудырып отырған спорт. Батыс Қазақстанның бокс мектебі әлі талай чемпиондарды тәрбиелеп шығарына сенімдімін.
Ақпарат дереккөзі: http://ibirzha.kz/