Жайна Шекербекова (51 келі) елге келген соң ҚБФ сайтына сұқбат берді
Польшаның Гливице қаласында өткен халықаралық турнирде жерлесіміз алтыннан алқа тағынған болатын
- Польшадағы жарысқа қандай баға бересіз?
- Әлем чемпионаты жақындап қалды. Барлығы да спортшыларының қандай дәрежеде екенін білу үшін бірінші нөмірлерін алып келді десе болады. Сондықтан жарыс жоғары дәрежеде өтті.
- Қандай кездесу сізге ауырға тиді?
- Ақтық кездесу өте қиынға түсті. Польшаның өкілі Сандра Драбикпен осымен үшінші рет кездестім. Осыған дейін Польша жерінде, сосын Қазақстанда да жекпе-жек өткіздім. Екеуінде де жеңіске жеткен болатынмын. Бір-бірімізді жақсы білеміз. Мықты қыздардың бірі.
- Алда қараша айында өтетін Әлем біріншілігіне дайындығыңыз қалай?
- Иә, қазір Польшадан келіп демалып жатырмыз. Қазан айында Алматыда құрамамен бірге оқу-жаттығу басталады. Жаңадан Әлем чемпионатына дайындаламыз. Осымен бұйырса үшінші мәрте қатысайын деп жатырмын.
- Әлем біріншілігінде бағыңыз жансын. Сізге сәттілік тілейміз!
Фото: Сергей Штрак