Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Конфедерация Кубогы: С тобының ширекфиналдық кездесулері 7-9 қыркүйек аралығында Павлодар шаһарында өтеді

07 Қыркүйек, 2018

 А және С тобындағы командалар 7 мен 9 қыркүйек аралығында өзара бақ сынайды

 

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері бойынша Конфедерация кубогы аясында жыл сайын барлық өңірлердің федерациялары арасында ең мықты командаларды анықтау мақсатында турнир өтіп тұрады.

Жеребе қорытындысы бойынша қазіргі таңда барлық облыстық командалар 4 топқа бөлінген

А тобы: Алматы облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар және Қарағанды облыстары.

В тобы: Астана, Атырау облысы, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңірлері. С тобы:  Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Қостанай мен Ақтөбе облыстары.D тобы: Маңғыстау облысы, Алматы қаласы, Қызылорда мен Ақмола облыстары.

А және С топтарының ширекфиналдық кездесулері 7-9 қыркүйек аралығында Павлодар мен Шымкент шаһарларында өтеді.

Павлодар облысының бокс федерациясы А тобындағы кездесулерден тікелей көрсетілім ұйымдастырады. Ширек финалдық ойындар 7 мен 9 қыркүйек аралығында "Автомобилист" спорткешенінде өтеді. Басталуы 16:00

Әр команда сапында 16 спортшы болуы тиіс. Негізгі құрамда 8 және қосалқы құрамда тағы осынша былғары қолғап шебері болуы керек. 18 бен 22 жас аралығындағы 5 спортшы және 23 пен 40 жас аралығында 3 боксшы болуы міндетті. Жеңіске жеткен командаға 1 ұпайдан қосылып отырады.

Барлық командалар бір-бірімен 8 кездесу өткізеді. Есеп тең болған жағдайда қосымша жекпе-жек болуы әбден мүмкін. Жартылай финал және финалдық сайыстар дәстүр бойынша желтоқсан айында жалауын көтереді. Бокс федерациясының кубогы үшін болатын республикалық масштабтағы жарыс Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған. Мақсат жас таланттарды анықтау және бокстың дамуына қолғабыс ету. Жеңген команда 25 миллион теңге көлемінде сыйақы алады.

Көрсетілім сілтемесі: 

Наверх