Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Қазақстанның бокс федерациясы AIBA президенттігіне өз кандидатын ұсынды

07 Қыркүйек, 2018

Қазақ және кеңес боксының жарық жұлдызы, әйгілі спорт ардагері Серік Қонақбаев халықаралық ұйымға жетекшілік етуі әбден мүмкін

-  «AIBA ережелеріне сәйкес, біз алдымен барлық ұлттық федерацияларға өз ұсынысымызды жібердік. Енді олардан жауап күтеміз. Қолдау білдіріп жатса барлық құжаттарды Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының штаб пәтеріне жолдаймыз. Олар өз кезегінде құжаттарды қарап кандидаттар тізімін AIBA сайтында жариялайды», - деп мәлімдеді Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектенов.

 

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының Президенті мен атқару комитеті мүшелерінің есімі 2-3 қарашада Мәскеу қаласындағы кезекті конгресте белгілі болады.

 

Серік Қонақбаев – әуесқой бокста талай биіктерді бағындырған әйгілі спортшы. Уақытында екі мәрте Еуропа чемпионы атанып, екі рет Әлем Кубогын жеңген, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері. Тәуелсіздік жылдары еліміздің саяси өміріне белсенді араласып, ҚР Парламенті Мәжілісінің екінші, үшінші және төртінші шақырылым депутаты болды. 2010 жылдан бері AIBA атқару комитетінің мүшесі, ал 2014 жылдан бері AIBA Вице-президенті және Азия бокс конфедерациясының Президенті.

Наверх