Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Студенттер арасындағы Әлем чемпионатында 2 отандасымыз финалға шықты

06 Қыркүйек, 2018

6 қыркүйек күні «Ойрат-Арена» спорт кешенінде финалдық кездесулер өтеді

Қалмақ елінің астанасы Элиста қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финал кезеңіне 3 қазақстандық шыққан болатын. Абай Қуандықов (52 келі) жапониялық Накагаро Рютародан басым түсті. Енді ол финалда Хонг Чуан-Хсунға (Тайбэй) қарсы өнер көрсетеді.

Ержан Ордабаев (60 келі) 1/2 финалында ресейлік Мамед Габиловқа жол беріп, Әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанып отыр.

Бекболат Құрамысов (69 келі) польшалық Филип Вачаламен рингке шығып, жеңіске жетті. Енді ақтық кездесуін Тайбэй елінен келген Пан Хун-Мингпен өткізеді.

Финал бүгін Астана уақыты бойынша 20:00 басталады.

Финалдық кездесулер кестесі

Көрсетілім сілтемесі: https://www.youtube.com/channel/UCAlxw1m-1Bo9OSbOVuhzC5w/ 

Наверх