Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Владимир Шульга: «Жеңіс жолында аянып қалмасымыз анық»

05 Қыркүйек, 2018

 Конфедерация кубогы қарсаңында Павлодар облысының бокстан аға жаттықтырушысы Владимир Шульга жарысқа әзірлік жайында өз ойымен бөлісті

 2018 жылдың спорттық шаралар күнтізбесінде Конфедерация Кубогының орны ерекше. А тобына Алматы облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар және Қарағанды облыстары кірді. Бұл топтағы кездесулер 6-9 қыркүйек аралығында Павлодарда өтеді.

-        Команда құрамын мықты спортшылармен жасақтау қиынға түсті ме?

-        Біздің командадағы боксшылар бұрыннан үзбей жаттығып келе жатқан жігіттер. Конфедерация кубогы жолында да рингке шыққан көбісі. Тіпті, кейбір салмақ дәрежелері бойынша бізде екі-үш боксшыдан келеді. Себебі, екі салмақ дәрежесінің қысқаруымен өзгерістер болып жатыр. Мысалы, бұрын 49 келіде шығып жүрген жігіттер енді 52 келіге өтеді. Біздің командада Сабыр Жолаушиев ауысып жатыр осылай. Тиісінше, ұлттық құрама сапында да өзгерістер болады деген сөз.

-        Облыстық құрама команданың сапына боксшыларды қалай іріктедіңіздер?

-        Спортшыларды өңірлік деңгейде өтетін жарыстарда іріктеп аламыз. Мықтыларын республикалық турнирлерге қатыстырамыз.

-        Павлодар облысында бокс спорт ретінде қалай дамып жатыр?

-        Көптеген балалар, жастар бокспен айналысады. Біздің жанкүйерлерді алдағы күндері қаламызда өтетін жарысқа шақырамыз. Келіп, жергілікті командаға қолдау көрсетіңіздер.

-        Алдағы Конфедерация Кубогы туралы қандай ойыңызбен бөлісе аласыз?

-        Біз дайындық үстіндеміз. Турнирдің басталуын асыға күтіп отырмыз. Бүгін ертең Қарағанды, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының командалары келеді. Жарыс 7-10 қыркүйек аралығында өтеді. 6 қыркүйекте салмақ өлшеу рәсімдері болады. Барлық облыс құрамалары сақадай сай әзірлікпен келеріне күмән жоқ.  Кімнің мықты екенін ринг көрсетеді. Біздің де дайындығымыз жақсы. Команда сапында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Серік Теміржанов, сонымен қатар, Гауез Қазбек (63 келі) және Қуан Қуатов (69 келі), Бауыржан Байгөншеков (75 келі), Шаймұрат Құсайынов (81 келі), Алдияр Мергалимов (91 келі) пен Серік Мұсаділов (91+) сынды саңлақтарымыз бар. Жігіттердің барлығы жеңіс тұғырынан көрінуге тырысары хақ. Барлық кездесулер өте қызықты боларына күмән келтіре алмаймыз.

Наверх