Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Конфедерация кубогы: бокстан IX маусым жарыстары 6 қыркүйекте басталады

04 Қыркүйек, 2018

 Биылғы жарыс регламентіндегі негізгі өзгеріс – ерлер арасындағы кейбір салмақ категориялары алынып тасталмақ

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері бойынша Конфедерация кубогы аясында жыл сайын 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қалалардың федерациялары арасында ең мықты командаларды анықтау мақсатында турнир өтіп тұрады.

2018 жылғы Конфедерация Кубогы жарысында боксшыларымыз әдеттегідей 10 салмақ бойынша емес, 8 салмақ категорияларында өнер көрсетпек. Бұл Халықаралық олимпиада комитеті ұсынып отырған жаңашылдықтарға байланысты болып отыр.

Халықаралық олимпиада комитеті бұл өзгертулер жайлы талқылауларды 2017 жылы бастаған болатын. Әйелдер осы уақытқа дейін тек 3 салмақ бойынша былғары қолғап түйістіріп келсе, енді олимпиада ойындарында тағы екі салмақ қосылады деп жоспарланған. Ал ер азаматтарда керісінше 2 салмақ категориясы қысқартылмақ. Осылайша әйелдер 5 салмақта, ал ерлер 8 салмақта рингке шықпақ. Бұл бастамаларды Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) 2020 жылы Токиода өтетін олимпиадада енгізуі ықтимал.

Қазақстан бокс федерациясы бапкерлер кеңесінің шешіміне сәйкес, жаңа ережелер қазірден бастап қолданысқа енгізіледі. Сондықтан 2018 жылғы Конфедерация Кубогы жарысында 49 және 56 келіге дейінгі салмақтар алынып тасталмақ.

Енді әр команда сапында 16 спортшы болуы тиіс. Негізгі құрамда 8 және қосалқы құрамда тағы осынша былғары қолғап шебері болуы керек. Әр құрамда 18 бен 22 жас аралығындағы 5 спортшы және 23 пен 40 жас аралығында 3 боксшы болуы міндетті. Жеңіске жеткен командаға 1 ұпайдан қосылып отырады.

Жеребе қорытындысы бойынша қазіргі таңда барлық облыстық командалар 4 топқа бөлініп өзара бақ сынаспақ.

А тобы: Алматы облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар және Қарағанды облыстары.

В тобы: Астана, Атырау облысы, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан өңірлері. 

С тобы:  Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Қостанай мен Ақтөбе облыстары.

D тобы: Маңғыстау облысы, Алматы қаласы, Қызылорда мен Ақмола облыстары.

А және С топтарының ширекфиналдық кездесулері 6-9 қыркүйек аралығында Павлодар мен Шымкент шаһарларында өтеді.

В және D топтарының іріктеу кезеңдері Петропавл мен Ақтау қалаларында ұйымдастырылады.

Әр команда бір-бірімен 8 кездесу өткізеді. Есеп тең болған жағдайда қосымша жекпе-жек болуы әбден мүмкін. Жартылай финал және финалдық сайыстар дәстүр бойынша желтоқсан айында жалауын көтереді.

Бокс федерациясының кубогы үшін болатын республикалық масштабтағы жарыс Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған. Мақсат жас таланттарды анықтау және бокстың дамуына қолғабыс ету.

Жеңген команда 25 миллион теңге көлемінде сыйақы алады.

Өткен жылдары кубокты жеңіп алған командалар ішінде Астана құрамасы (2010, 2013 жж.), Қарағанды облысы (2011 ж.), Маңғыстау (2012, 2016 гг.) және бұрынғы Оңтүстік-Қазақстан (2015, 2017 гг.) облыстарының құрамалары бар.

Жамбыл облысының өтініш

Оңтүстік Қазақстан облысының өтініш

Қостанай облысының өтініш

Қарағанды облысының өтініш

Павлодар облысының өтініш

Алматы облысының өтініш

Батыс Қазақстан облысының өтініш

Ақтөбе облысының өтініш

 

Наверх