Джакартадағы жарыс өз мәресіне жетті.
Бокстан ұлттық команда сапында өнер көрсеткен 7 азаматымыз бен 3 аруымыздың ішінен финалға сүрінбей шыққандары Асланбек Шымбергенов (69 кг) пен Әбілхан Аманқұл (75 кг) еді.
Асланбек Шымбергенов 2018 жылғы Азиадада 4 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жетті. Шешуші жекпе-жекте Исламиада жарысының жеңімпазы, өзбек спортшысы Бобо-Усмон Батуровпен шығып қазылар жеңісті қарсыласқа беріп жіберді. Есеп 3:1. Асланбек Шымбергенов күміс медаль иегері атанды.
Әбілхан Аманқұл (75 кг) финалда тағы бір өзбек саңлағы Исраил Мадримовпен бокстасты.
Биыл екі боксшы да «Қазақстан Президенті Кубогы» үшін өткен жарыстың жартылай финалында кездесіп біздің саңлағымыз жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Ал Джакартадағы кездесу 3:2 есебімен Мадримовтың пайдасына шешілді.