Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Бокстан жастар арасындағы 2018 жылғы Әлем чемпионаты: бiздiң қоржынымызда 11 медаль

31 Тамыз, 2018

 Қазақстан құрамасы елге 2 алтын, 6 күміс және 3 қола медальмен оралады.

 31 тамыз күні Будапештте қыздар мен жастар арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 66 елден келген 360 спортшы Дунай Аренада бақтарын сынады. Олардың ішінде 19 отандасымыз да бар.

Нұрбек Оралбай (75 келі) мен Дина Исламбек (81 келі) Әлем чемпионы атанды. Айбек Оралбай (91 келі), Айзада Ісләмғали (54 келі), Гузаль Садыкова (81 келі), Ермахан Жақпеков (69 келі), Сағындық Тоғамбай (81 келі), Дамир Тойбай (91 келі +) күміс жүлдеге қол жеткізді. Махмұд Сабырхан (49 келі), Жансая Әбдірайымова (51 келі) мен Әнел Құдайберген (48 келі) қола медаль жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша біздің құрама командалық есепте екінші орында тұр. Көш басында 13 медаль иеленген Ресей құрамасы. 7 медаль алған Үндістан үшінші орында.
Наверх