Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

"30 тамыз - ҚР Конституциясы күнi" мерекесi құтты болсын!

30 Тамыз, 2018

 Қазақстан бокс федерациясының ұжымы Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!

 Адам Ата мен Хауа Анадан бері Ата діні мен Ана Тілін, Ата Тарихы мен Ата заңын қадірлеуді ұлы мұрат санаған халқымыз әдептен аспай, қиындыққа саспай, мыңжылдықтарды еңсеріп келеді. Әр елдің өз жолы бар десек, Қазақстан да өзіндік қалыптасу, даму жолына түсті. Бір қолымызда бостандық жалауы болса, екінші қолымызда жауапкершілік жалауы тұр. Қос туды құлатпай, ел абыройын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, ең алдымен экономика, сонан кейін саясат деген ұстанымымызды құқықтық ережелермен реттеп, әлем алдында сертімізге берік боп келеміз. Ұлық мереке құтты болсын! Құрметпен, Қазақстан бокс федерациясының ұжымы!

Наверх