Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Асланбек Шымбергенов Азиаданың жартылай финалында өнер көрсетеді

29 Тамыз, 2018

 Ширек финалда кездейсоқ қарсылас кезікпесі анық. Ұлттық құрама сапындағы 4 боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

 Сонау Джакартада өтіп жатқан жарыстың қазір нағыз қызған шағы. Боксшылар арасынан кіл мықтылар іріктеліп жатқан кез. Ширек финалға алғашқы болып құрама жігіттерінің арасынан Асланбек Шымбергенов (69 кг) шықты. Қарсыласы қырғыз боксері Әбдірахман Әбдірахманов елімізде биыл өткен Рафаэль Вахитов атындағы турнирдің жеңімпазы, 2017 жылы жалауын көтерген Ғалым Жарылғапов атындағы турнирдің жеңімпазы, өте тегеурінді боксшы. Бірақ кездесу соңында анағұрлым белсендірек болған А.Шымбергеновке қазылар бірауыздан жеңісті берді.

Өкінішке орай Римма Волосенко (60 кг) тайлық Судапорн Сисондиге жол берді. Есеп 1:4. Азат Махметов (52 кг) филиппиндық Роген Ладонға есе жіберді. Ол өз кезегінде Астанада өткен Президент Кубогы жарысының финалында Әнуар Мұзапаровтан ұтылған болатын. Саматәлі Толтаев (60 кг) Қытай спортшысы Шань Юнядан айласын асыра алмады. Ал Сәния Сұлтанқызы (57 кг) Таиланд елінің өкілі Нилаван Течасуептен 2:3 есебімен жеңілді. Осылайша Қайрат Ералиевпен бірге Азияда жарысынан 5 боксшымыз құр алақан қайтпақ. Алда әлі ширек финалдық кездесулер бар. Атап айтсақ, Назым Қызайбай (51 кг) мен Бекдәулет Ибрагимов (64 кг) жекпе-жек өткізеді. Ал Теміртас Жүсіпов (49 кг) ¼ белдесуінде филиппиндыққа жол берді. Әбілхан Аманқұл (75 кг) болса жартылай финалға сүрінбей өтті.

Наверх