Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Будапешттегі бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатында 10 отандасымыз жартылай финалға шықты

28 Тамыз, 2018

 Еліміздің атынан жарысқа қатысқан 19 спортшының 11 кемінде қола медальға қол жеткізбек

 27 күні Әлем біріншілігінің ширек финал кездесулері өз мәресіне жетті. Оның қорытындысына сай 24 елдің спортшылары ақтық кездесулерге шығып отыр. Қазақстан құрамасы кемінде 11, Үндістан 10, ал Тайланд құрамасы 7 медаль алмай қайтпайды.

Айбек Оралбай (91 келі) АҚШ өкілі Дэвид Стивенсонды тізе бүктірсе, Дамир Тойбай (+91 келі) жергілікті Фехер Каппаниді ұтты. Айзада Ісләмғали (54 келі) үнді қызы Дивье Павардан басым түсті. Жансая Әбдірайымова болса ресейлік Любовь Шараповадан айласын асырды.

Бүгін алғашқы жартылай финал кездесулері басталды. Оған Махмұд Сабырхан (49 кг), Ермахан Жақпеков (69 кг), Нұрбек Оралбай (75 кг), Сағындык Тоғамбай (81 кг), Дамир Тойбай (+91 кг), Гүзәл Садықова (81 кг),

Жансая Әбдірайымова (51 кг), Анель Құдайберген (48 кг) мен Айзада Ісләмғали (54 кг) шығады.

27.08.2018

28.08.2018

Наверх