Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

9 боксшымыз Индонезия Республикасында өтіп жатқан Азия біріншілігінің ширек финалына шықты

28 Тамыз, 2018

  18 мәрте жалауын көтеріп отырған Азия ойындарында Қазақстан ұлттық командасының алтын қорын боксшыларымыз молайта түседі деген сенім басым 

 

 Германияның Гамбург қаласында өткен 2017 жылғы бокстан Әлем біріншілігінің алтын алқа иегері Қайрат Ералиев (56 келі) мықты қарсыласқа тап болды. 2015 жылғы Азия чемпионы, өте тәжірибелі тайлық Чатчай Бутди жерлесімізден басымырақ болды. Төрешілердің бірауыздан қабылданған шешіміне сәйкес жекпе-жекте жеңіс Тайланд елінің өкіліне берілді. Аса жеңіл салмақта Азия құрлығында бәсекелестік өте жоғары деңгейде. Спортшылар жарысқа тамаша дайындықта келеді. Сонымен, Қайрат Ералиев алғашқы кездесуінен кейін-ақ Азиядадағы сайысты тәмамдауға мәжбүр.

Ашылу салтанатында Ұлттық құрама сапында еліміздің көк байрағын алып жүрген Әбілхан Аманқұл (75 келі) тағы бір Тайланд елінің өкілі Афист Ханхокруеаны жеңді.

Тағы бір отандасымыз Теміртас Жүсіпов (49 келі) жапониялық Томоя Цубоиды тізе бүктірді.

Бекдәулет Ибрагимов 5:0 есебімен қытайлық Гуан Ванды ұтты.

Осылайша 10 боксшымыздың 9 ширек финалға шығып отыр (Римма Волосенко ¼ кезеңіне жеребе нәтижесі бойынша өтті).

28 тамыз күні Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Азат Махметов (52 кг), Саматәлі Толтаев (60 кг) пен Асланбек Шымбергенов (69 кг) шаршы алаңға шығады.

Наверх