Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Мерейтоймен құттықтаймыз!

27 Тамыз, 2018

 «Қазақстандық Бокс Федерациясы» Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Леонидович Демьяненконы 60 жасқа толуымен құттықтайды.

 Виктор Демьяненко 70 жылдардың екінші жартысы мен 80 жылдардың басында жеңіл салмақта өнер көрсеткен даңқты боксшымыз. 1979 жылғы Еуропа чемпионы, Кеңес Одағы біріншіліктерінің бірнеше дүркін жүлдегері әрі жеңімпазы.

Қазіргі күні «Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясында» вице-президент қызметінде еңбек етуде.   

Деніңізге саулық, жұмысыңызға жеміс, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз!

Наверх