Бүгін Мажарстан астанасында 4 боксшымыз шаршы алаңға шығып ширек финалда өнер көрсетеді
Тек 2014 жылдан бастап қыздар мен жастар арасындағы Әлем біріншілігі бірлескен форматта өтіп келеді. 21-31 тамыз аралығына жоспарланған чемпионатта 66 мемлекеттен келген 360 спортшы бақтарын сынап жатыр.
25-26 тамызда алғашқы ширек финал кездесулері өтті. Махмұд Сабырхан (49 кг), Әнел Құдайберген (48 кг), Ермахан Жақпеков (69 кг), Нұрбек Оралбай (75 кг) мен Сағындық Тоғамбай (81 кг) жартылай финалға жолдама алды. Демек, кемі қола медаль бұйырады деген сөз. Әрине тарландарымыз міндетті түрде алтыннан алқа тағынуды мақсат тұтып отыр.
Гүзәл Садықова (81 кг) жеребе нәтижесі бойынша жарыс жолын жартылай финалда бастаса, Дина Исламбекова (+81 кг) біржолата финалға бірақ шығады. Кәрім Серкебаев (52 кг) ширек финалда бразилиялық Луиз Оливейреге есе жіберді. Бейбарыс Жексен (56 кг) 1/4 кезеңінде ресейлік Всеволод Шумковтан ұтылды. Есеп 4:1. Рахат Сейітжан мысырлық Мараван Мамдух Мухаммедке жол берсе, Талғат Шәйкен кубалық Идалберто Умаро Ирибарудан аса алмады.
Махмұд Сабырхан (49 кг) ресейлік Дмитрий Батяйді ұтса, Анель Құдайберген (48 кг) италиялық Джорджия Россиден басым түсті.
Ермахан Жақпеков (69 кг) ринг иесі Тибор Барбосу Константинмен жекпе-жекте қазылардың көпшілік шешімімен жеңіске қол жеткізді.
Нұрбек Оралбай (75 кг) мешіктер елінен келген Диего Пачеконы тас талған етсе, Сағындық Тоғамбай Виталий Стальченкодан айласын асырды.
Бүгін шаршы алаңға Айбек Оралбай (91 кг), Дамир Тойбай (+91 кг), Айзада Ісләмғали (54 кг) мен Жансая Әбдірайымова (51 кг) шығады. Барлығы жартылай финалға шығу үшін тайталасады.