Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Азиада-2018: Шымбергенов, Махметов пен Сұлтанқызы келесі кезеңге өтті

25 Тамыз, 2018

 Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында боксшылардың жекпе-жегі енді басталды. Алғашқы күні 3 боксшымыз жеңіске жетті

 Құрама сапынан алғашқы болып рингке шыққан Азат Махметовтың (52 кг) қарсыласы БАӘ келген Сұлтан Алнуаими жекпе-жектен өз еркімен бар тартты. Осылайша жерлесіміз 1/8 кезеңіне өтіп отыр.

Асланбек Шымбергенов (69 кг) 19 жастағы индонезиялық Сарохатуа Люмбантобингті жеңіп, енді 1/8 өнер көрсетеді.

Қыздар арасынан Сәния Сұлтанқызы 57 келі салмақта шри-ланкалық Кастури Арашшиге Кешаниден басым түсті. 27 жастағы Кешани өз елінің екі дүркін жеңімпазы  және 2017 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері

Наверх