Қазақстандық
бокс федерациясыkfb.kz

Жаңалықтар

Будапешттегі әлем чемпионатында әзірге 12 отандасымыз сүрінбей келеді

25 Тамыз, 2018

 19 боксшымыздың 13 өнер көрсетіп, оның 12 жеңді

 2014 жылдан бастап қыздар арасында да өткізіліп келе жатқан әлем біріншілігі ағымдағы жылдың 21-31 тамыз аралығына жоспарланған. Байрақты бәсекеде 66 мемлекеттен кезген 360 боксшы бақтарын сынауда.

Іріктеу кезеңінің 4 күні 6 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, барлығы да жеңіске жетті. Олар: Ермахан Жақпеков (69 кг), Бейбарыс Жексен (56 кг), Рахат Сейітжан (60 кг), Талғат Шәйкен (64 кг), Сағындық Тоғамбай (81 кг) мен Нұрбек Оралбай (75 кг).

Ермахан Жақпеков (69 кг) италиялық Сальватаор Каваллароны жеңді. Енді ол жергілікті боксшы Тибор Барбос Константинмен кездеседі.

Бейбарыс Жексен (56 кг) мароккалық Абдессамад Аббазды тізе бүктірді. Енді ¼ кезеңінде ресейлік Всеволод Шумковпен бокстасады.

Қазылардың бірауыздан қолдап дауыс беруімен Рахат Сейітжан (60 кг) 1/8 кезеңінде Александр Радионовты (Белоруссия) ұтты, енді жерлесіміз мысырлық Мараван Мамдух Мухаммедпен былғары қолғап түйістіреді.

Сағындык Тоғамбай алғашқы кездесуінде ағылшын Кэрол Итауманы жеңді. Енді Виталий Сталченкомен (Украина) бағын сынайды. Талғат Шәйкен (64 кг) 1/8 кезеңінде Ота Джонсомды (США) ұтып, енді кубалық Идалберто Умар Ирибармен (Куба) жұдырықтасады.

Нұрбек Оралбай 1/8 кезеңінде кубалық Эдель Акоста Гарсияны ұтып, енді мексикалық Диего Пачекомен рингке шығады.

Сенбі күні, яғни, 25 тамыз күні шаршы алаңға шығатын боксшылар: Дамир Тойбай (+91 кг), Еркежан Дәулетжанқызы (57 кг), Жұлдыз Тоикова (64 кг), Махмұд Сабырхан (49 кг) және Майя Бейсебаева (69 кг). Майя Бейсебаева мен Махмұд Сабырхан келесі кездесулерінде жартылай финалға шығу үшін жұдырықтасады.

Онлайн көрсетілім сілтемесі: https://www.youtube.com/channel/UCmjyKJD1BEsgkE6HJNdy9pQ/

Төртінші күннің нәтижелері

Бесінші күннің кестесі

Наверх